• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:38

Алматыда кәсіпкерлерге негізсіз салық жүктеген шенеунік жауапқа тартылды

Алматы қаласының прокуратурасы сыртқы жарнаманы орналастыру саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде кәсіпкерлердің құқықтарын шектеген бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Прокуратура мәліметінше, қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы кәсіпкерлердің жарнама орналастыруға қатысты хабарламаларын қарау кезінде заңда белгіленген мерзімдерді жүйелі түрде бұзып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңнама бойынша мұндай өтініштерге 4 жұмыс күні ішінде жауап берілуге тиіс. Ал іс жүзінде жауаптар 6-15 жұмыс күні аралығында жолданған. Сонымен қатар басқарма мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкерлерге жарнаманы «хабарламасыз» орналастырды деген негізбен салықтың екі еселенген мөлшерлемесін қолдану туралы бастама көтерген.

Прокуратура бұл әрекетті заңсыз деп таныды. Аталған тәжірибе 2 331 жарнама таратушыға қатысты қолданылған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге заңсыз есептелген төлемдердің жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асқан. Кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Оны қарау қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінің жеке шоттарындағы заңсыз есептелген сомалар қысқартылды.

Жоғарғы Сот кәсіпкердің құқығын қорғады

Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол өз кінәсін мойындап, тағайындалған айыппұлды толық көлемде төлеген. Алматы қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу өз қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Жанасыл ЗАЙТИМХАН,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар