• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Таным 21 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Жүзетін АЭС

50 рет
көрсетілді

Британияның «Core Power» компаниясы «Liberty» бағдарламасы аясында АҚШ-та жүзетін атом электр стансасын салмақшы.

Компания басшысы Микал Бое Хьюс­тонда өткен саммитте стансаның 10 жылда салынып бітетінін айтты. Жоба екі кезең­нен тұрады. Алдымен жүзетін АЭС-тердің өндіріс мүмкіндіктері зерттеледі, кейін азаматтық кемелерге арналған ядролық қондырғылар әзірленеді. «Core Power» бұл­ реак­торларды кеме жасау верфтерін­де тәжі­рибелі мамандардың көмегімен да­йындамақ. АЭС-тер баржа түрінде жасалып, порттарда, жағалау маңына немесе ашық теңіздегі ірі платформаларға орналастырылады.