Малайзиялық Аман Шах қаржы операцияларының арифметикалық ерекшеліктерін пайдаланып, ақша ұрлаудың ерекше әдісін ойлап тапқан. Оның схемасы өте қарапайым. Ол әрбір ақша аударымынан 1 цент қалдықты өз шотына аударып отырған.
Бұндай болмашы соманың жоғалғанын ешкім байқамағанымен, ұзақ уақыт ішінде оның шотында 4,1 млн ринггит (шамамен 1 млн доллар) жиналып қалған. Ақыры банк қауіпсіздік қызметкерлері жүйедегі күдікті жайтты анықтап, оны қолға түсірген. Осылайша, Аман Шах 1990 жылы 5 жылға бас бостандығынан айырылады.