• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Таным 19 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Темір өкпе

32 рет
көрсетілді

Мұзды судың ішінде бір минуттан артық болу – денсаулыққа қауіпті. Бірақ Вим Хоф -30°C аязда бірнеше сағат отырған. Тіпті мұз астында 57 метр қашықтықты бір деммен жүзіп өткен.

Вим Хофтың денесі мұзды суға түскенде қалыпты қызуын жоғалт­пайды. Ол жеңіл-желпі киіммен мұзда 1 сағат 52 минут отырған. Сөйтіп, Гин­нестің рекордтар кітабына енген. Ерекше құбылысты түсіну үшін ға­лымдар Вим Хофтың жүйке жүйесі мен дене қызуын басқаратын қабілетін зерт­теген. Нәтижесінде, оның терморе­гуля­циясына жауап беретін ми аймағы ерекше белсенді екені анықталған.