• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Білім 15 Ақпан, 2025

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

134 рет
көрсетілді

Өтінішті 25 ақпанға дейін app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады, деп жазады Egemen.kz.

Ал тестілеу 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.

Аталмыш тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

– орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

– шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

– өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);

– ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;

– шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Айта кетейік, талапкерлер тестілеу өтетін күнді, уақытты және орынды өздері таңдайды.