• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 11 Ақпан, 2025

Әдебиеттанушыға ризашылығын білдірді

132 рет
көрсетілді

Жуырда біздің басылымда («Egemen Qazaqstan» 29.01.2025) белгілі әдебиеттанушы, филология ғылым­дарының докторы, профессор Жанғара Дәде­баевтың бірегей тұлға Сүйін­бай Аронұлы туралы «Ақын­дық өнердің ақиығы» атты мақаласы жарық көрді.

Биыл алып тұлғаның туғанына 210 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай жарияланған мақалада ғалым қазақтың ақындық өнерін биікке көтерген біртуар дүлдүлдің  еңбегін айшықты көрсеткен.  Сондай-ақ  уақыт өткен сайын ақын мұрасының  көркемдік-эстетикалық байлығы мен құндылығы жарқырай түскенін көркем зерделеген.

Соған орай Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің профессоры Жанғара Дәдебаевқа «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған ақиық ақын Сүйінбай Аронұлы туралы мақаласы үшін Алғыс хат жол­дады. Алғыс хатта Ерлан Тыным­байұлы ақындық өнер тура­лы қоғамдық, әлеуметтік ма­ңызы терең ой айтқан мақала ав­торына ризашылығын білдірген. Осыған байланысты танымал әде­биеттанушы басылымға жолдаған хатында Мемлекеттік кеңес­ші мен «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымына зор құрметін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар