• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Әдебиет 09 Ақпан, 2025

Бүгін – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні

220 рет
көрсетілді

Ол – 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысына қарасты Райымбек ауданында дүние есігін ашқан. Балалық шағы соғыстың қасіретті жылдарында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мұқағали Мақатаев «Қазақ радиосының» дикторы, Шалкөдеде Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары жарыққа шыққан.