• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қылмыс 05 Ақпан, 2025

Шымкентте жоғалған 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

186 рет
көрсетілді

Шымкентте із-түзсіз жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – делінген ведомство хабарламасында.

 Еске сала кетейік, бұған дейін таксиге мініп, жоғалып кеткен екі адамның іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. 20 жастағы жігіт Ордабасы ауданынан көлік жүргізу куәлігін алу үшін Шымкентке келген, алайда үйіне оралмаған. Оның телефоны да сөндірулі болған.

Соңғы жаңалықтар