• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Ақпан, 2025

Тату көршілік рухындағы серіктестік

141 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөз өткізді.

Кездесу барысында қазақ-түрікмен ынты­мақтастығының кең ауқымды мәсе­ле­лері, оның ішінде саяси, сауда-эконо­ми­ка­л­ық, транзит-көліктік, энергетика және мә­дени-гуманитарлық салалар­дағы өз­ара іс-қимыл болашағы талқыланды.

Тараптар достық, тату көршілік және өзара құрмет рухындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілді­лігін ерекше атап өтті.

Қазақстан мен Түрікменстанның сырт­қы саяси ведомстволарының басшы­лары 2024 жылғы қазанда Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашхабад­қа жасаған ресми сапарының қорытын­дысы бойынша қол жеткізілген уағдалас­тықтардың іс жүзінде іске асырылу барысын жан-жақты қарас­тырды. Парламентаралық және үкімет­аралық байланыстарды нығайту бағы­тында одан әрі жәрдемдесу бойынша келісті.

Сауда-экономикалық ын­ты­­м­ақ­­тастық­ты одан әрі кеңейту мәсе­лесі­не ерек­ше назар аударылды. Кейін­гі екі жыл­да Қазақстан мен Түрікмен­стан арасын­дағы өзара сауда көлемі тұрақты түрде 500 млн доллардан асып келеді. Мемлекет басшылары белгілеген екі­жақты тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі мақсатқа жету үшін келісілген шаралар қабылдауға уағдаласты.

Энергетика және көлік салаларында айтарлықтай әлеуетке назар аударылды. Осы бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындық білдірілді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тас­тықтың мазмұнды күн тәртібі ерекше аталып өтті. Мемлекет басшылары­ның тапсырмасына сәй­кес, былтыр Астана­да Мақтымқұлы ескерткіші­нің, Ашха­бад­та Абай мен Құрманғазы ескерт­кіштерінің салтанатты ашылу рәсімдері өтті, сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстанның мәдениет күндері ұйымдастырылды.

Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәсе­лелері бойынша «сағаттарды теңес­тірді», көпжақты құрылымдар шең­берін­де тығыз ынтымақтастықты жалғас­ты­руға, сон­дай-ақ екі мемлекет бастама­ла­рын ілгері­лету барысында өзара қолдау көр­­сету­ге мүдделілігін растады. Осыған бай­ла­ныс­ты халықаралық ұйымдар шең­берін­де бір-бірінің кандидатураларын қолдау жөнін­дегі тиісті вербалды ноталармен алмасу өтті.

М.Нұртілеу түрікмен тарапын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблея­сының шешімімен Түрікменстан­ның ұсынысы бойынша жарияланған Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылының басталуымен құттықтады.

Сыртқы істер министрлері Орта­лық Азия мемлекеттері басшылары­ның консуль­тативтік кездесулері және Халық­аралық Аралды құтқару қоры шеңберінде өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын ерекше атап өтті.