• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:03

11 күн қалды: NASA Айға арнайы экипажды ұшыруға рұқсат берді

10 рет
көрсетілді

NASA мәліметінше, зымыран тасығыш ұшыру алаңына орнатылып, барлық дайындық кезеңі толық аяқталған, деп жазады Egemen.kz.

Арнайы комиссияның тексеру қорытындысы бойынша Айға арнайы пилоттық миссияны ұшыруға рұқсат берілді. Ұшу жоспарына қатысты төтенше жағдай болмаса экипаж АҚШ-тағы ғарыш айлағынан 11 күннен кейін, 1 сәуір сағат 18:24-те ұшады.

NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді

Экипаж құрамына миссия командирі Рид Уайзман, ұшқыш Виктор Гловер және миссия маманы Кристина Кохенген мен Канада ғарыш агенттігі өкілі, миссия маманы Джереми Хансен енген.

Байқоңыр ғарыш айлағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды

Айта кетейік, бұл сапар 1972 жылы аяқталған Аполлон бағдарламасы кезеңінен бері Айға жасалатын алғашқы пилоттық миссия болмақ.

Соңғы жаңалықтар