• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Ақпан, 2025

Әлемдік компаниямен әріптестік байланыс

96 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар ынты­мақ­тастықтың өзекті мәселе­лерін талқылады. Роман Скляр жергілікті өндірушілерді жа­һан­дық жеткізу тізбегіне енгізу, оқшаулауды тереңдету, өн­дірістің өсімін қамтамасыз ету және шығарылатын өнім но­мен­клатурасын кеңейту жұмыс­тарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу аясында «Samsung Electronics Central Eurasia» мен «Silkroad Electronics» зауыты арасында келісімге қол қойылды, оның шеңберінде «Samsung» компаниясының алғашқы отан­дық теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында саты­лымға шығады. Бұл жоба отан­дық машина жасау саласы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, жоғары білікті жаңа жұ­мыс орындарын ашуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ кездесу барысында тұрмыстық техника өндірісі және тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамыту саласындағы басқа да бірқатар мәселе талқыланды.