• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Ақпан, 2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

75 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

2025 жылдың басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде 8 Калашников автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната және әртүрлі калибрлі 1521 патрон табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Аталған қарудың төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.