Ғалымдар жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында өмір сүретін бактериялар мен саңырауқұлақтардың ерекше түрлерін тапты.
Олар 10-15 км биіктікте өмір сүруге бейімделген және ультракүлгін сәулелерге төзімді. Бұл тіршілік иелерінің ауа райына әсер етіп, бұлттардың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны анықталды. Зерттеу нәтижелері климаттық өзгерістерді болжау және атмосфераны зерттеудің жаңа әдістерін жасауға көмектесуі мүмкін.
Жасанды жүрек
Француз ғалымдары толықтай жасанды жүрек жасап шығарды.
Бұл құрылғы табиғи жүрек сияқты қан айналымын үздіксіз қамтамасыз етіп, жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарға жаңа мүмкіндік сыйлайды. Осынау ғылыми жетістік ауыр жүрек аурулары бар адамдардың ғұмыр жасын едәуір арттырып қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға да көмектеседі.
Роботтарға арналған оқу орталығы
Қытайда гуманоид роботтарды оқытуға арналған әлемдегі ең ірі орталық ашылды.
Бір уақытта 100 роботты оқыта алатын орталық 2027 жылға қарай бұл санды 1000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Оның негізгі мақсаты – роботтардың интеллектуалдық және физикалық мүмкіндіктерін дамытып, оларды түрлі салаларда қолдануға бейімдеу. Орталық 2025 жылдың соңына дейін роботтардың физикалық параметрлері бойынша 10 миллион жоғары сапалы дерек жинауды жоспарлап отыр.
Дайындаған –
Ерлан КИІКБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті