24 жастағы шымкенттік бойжеткен полиция қызметкерінің формасын киіп, Tik-Tok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қыздың жеке басы анықталып, формасы тәркіленді.
«Анықталғандай, қыздың бұл жұмысқа ешқандай қатысы жоқ. Департаменттің пікірінше, ол құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірген. Қызметтік форманы заңсыз кигені үшін жауапқа тартылып, әкімшілік хаттама толтырылды», делінген ІІМ хабарламасында.
Ішкі істер министрлігі айырым белгілері бар киімдерді себепсіз киюге тыйым салынғанын еске салды.