• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Бокс 17 Қаңтар, 2025

Былғары қолғап шеберлері бақ сынасты

46 рет
көрсетілді

Жамбыл ауданындағы «Baqsy» сауықтыру кешенінде бокстан жас­тар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарысқа өңірдің 8 ауданы мен Қонаев қаласынан 2011–2012 жылы туған жас спортшылар қатысты. Барлығы 9 команда, 220-дан аса спортшы өзара бақ сынасты. Олар 16 салмақ дәре­жесінде қолғап түйістіріп, 32 медаль жиынтығын сарапқа салды.

«Біріншілік өңірде бокстың даму қарқыны анағұрлым арт­қанын аңғартты. Әрі спортты жаңа бастаған боксшыларды қанаттандыра түсті. Бүгінгі жарыс нәтижесінде қаңтардың соңғы аптасында Қостанай облысында өтетін еліміздің чемпионатына қатысуға Алматы облысының үздік боксшылары іріктеледі. Сондықтан білекті де жүректі жас спортшыларымызға сәттілік тілей­міз», – деді жарыстың бас төрешісі Тілек Манап.

Бес күнге созылған жарыстың қорытындысында Еңбекшіқазақ ауданының өкілдері Камил Ахмедов, Ерасыл Мәули, Наил Ахмедов, Та­мерлан Сман, Әли­хан Исламов, Іле ауданының бокс­­шылары Айқын Нұр­лы­бек, Әмір Нұрболат, Нұржан Жанүсіп, Мұ­­рат Кеңесбай, Нұр­асыл Ха­сан, Қарасай ауда­нынан Айбек Әлім­құл, Нұр­дәулет Сәкенов, Жам­был ауданынан Әлихан Смағұл, тал­ғарлық Айбын Мәжит, Қо­наев қаласынан қатысқан Мағ­жан Шә­ріпхан, Райымбек ауданы­ның был­ғары қолғап шебері Әли­­хан Бекбосын үздік деп та­ныл­ды. Жеңімпаз жастар алдағы респуб­ликалық бәсекеде облыс­тың намысын қорғайды.

 

Алматы облысы