• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 10:23

Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты

30 рет
көрсетілді

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогінің кезеңдік жарысы өз мәресіне жетті. Финалдық кешкі сессияда Қазақстан құрамасының үш боксшысы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Валерия Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сираны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы бразилиялық Кауе Белинимен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 5:0 есебімен есе жіберді.

Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 кг) алтын жеңіп алса, Алуа Балқыбекова (51 кг), Жібек Жарасқызы (80 кг) және Диас Молжігітов (80 кг) қола жүлдегер атанды.

Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады

Соңғы жаңалықтар