• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2025

Қостанайда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

87 рет
көрсетілді

Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Тобыл ауылының тұрғыны Еркен Өлмісеков желтоқсанның 23-і күні жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоилиновка ауылында орналасқан темір-бетон зауытының аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ ер адамның денесі табылды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар