• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Қаңтар, 2025

2025 жылы не өзгереді?

220 рет
көрсетілді

Күнтізбе ауысуына байланысты жаңа жылда біраз өзгеріс болады. Оның кейбірі – заңнама тәрті­бінде көзделген өзгерістер болса, кейбірі – былтырғы бастамалардың заңды жалғасы. Мәселен, айлық есеп­­тік көрсеткіш жыл санап өсіп отырады. Былтыр 3 692 теңге болса, биыл 1 АЕК 3 932 теңгеге тең. АЕК-тің әсері зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәр­демақыларға да әсер етеді.

Тағы бір өзгеріс – биылдан бастап жеке тұлғалардың декларация тапсырудан босатылуы. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуын­ша, 8 млн азамат бұл міндеттен босатылуы мүмкін. Себеп – деректер базасының цифрлануы және қолма-қолсыз төлем жүйе­сінің дамуы. Дегенмен жеке кәсіпкерлер, мем­ле­кеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор басшылары мен олардың жұбайлары дек­ларация тапсыруды жалғастырады.

Жаңа салық кодексі 2025 жылдың шілде­сіне дейін қабылданып, 2026 жылдың қаңта­рынан бастап күшіне енеді. Негізінен мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

Салық пен төлемдер саны 20 пайызға қысқарады; Салық есептілігі көлемі 30 пайызға азая­ды; Корпоративті табыс салығының негізгі мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде қалады; Банктер мен ойын мекемелері үшін 20 пайызға көтеріледі; Өңдеуші өнеркәсіп үшін 10 пайызға төмендетіледі; Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 3 пайыз болады.

Банк аралық QR-төлемдердің іске қосылуы да биылға жоспарланып отыр. Яғни пайдаланушылар сауда нүктесінде қай банктің терминалы тұрғанына қарамастан кез келген банктің мобилді қосымшасы арқылы QR-төлемді жүзеге асыра алады. Қазір бұл жұмысты Ұлттық төлем корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесе жүргізіп жатыр. Қызмет 2025 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болмақ.

2025–2027 жылдарға арналған Ұлттық қор­дан республикалық бюджетке кепілден­діріл­ген трансферт көлемі бекітілді:

2025 жылы – 2 трлн теңге; 2026 жылы – 2 трлн теңге; 2027 жылы – 2 трлн теңге.

Ұлттық қорға мұнай секторы ұйым­да­­ры­нан түсетін түсімдер негізінде 2025–2027 жыл­дарға арналған мұнайдың кесімді баға­сы белгіленді:

2025 жылы – барреліне 42,3 доллар; 2026 жылы – барреліне 41 доллар; 2027 жылы – барреліне 39,4 доллар.

1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заң күшіне енеді. Заң сатып алу үдерісі процедурасын оңтай­ландыруға, сатып алынған тауар, қызмет, жұ­мыс сапасын арттыруға, сатып алуға қаты­су­­шылардың жауапкершілігін күшей­ту­ге, бәсекені дамытуға бағытталған. Заң 4 блоктан тұрады.