• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2024

Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

147 рет
көрсетілді

12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің мәйіті Үлбі өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі 13 желтоқсанда табылған.

- Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.