• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Әдебиет 06 Желтоқсан, 2024

Әбіш Кекілбаевтың еш жерде жарияланбаған өлеңдері жарық көрді

111 рет
көрсетілді

Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығы қарсаңында қаламгердің бұған дейін еш жерде жарияланбаған өлеңдері жинақталған "Дәурен кешкен" кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл мемлекет және қоғам қайраткерінің үшінші жыр кітабы деуге болады. Шығармалары жазушының жеке мұрағатында сақталыпты. Онда бұрынғы газеттерде жарияланып, жинақтарға енбеген өлеңдері мен балладалары бар. Сонымен бірге түрік тілінде жарық көрген "KUY" кітабы да таныстырылды.

Шара барысында "Әбіш Кекілбаев әлемі" атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған 150-ге жуық еңбек қойылды. Арасында жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптары, зиялылардың қаламгер туралы айтқан естеліктері бар.

- Біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы аясында сол өлеңдерді жинастырып, жаңа кітап қылып, "Дәурен кешкен" деген атпен ұсынып отырмыз. Бұған бізге жазушының немересі, жазушының көркем мұраларының жанашыры Абыл Кекілбаев бауырымыз көп көмектесті, - деді кітап құрастырушы Әділет Қабылов.