• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Өнер 09 Шілде, 2024

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді

311 рет
көрсетілді

Іс-шара қыркүйек айына жоспарланған. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Танымал әншінің кеші 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында ұйымдастырылады.

«Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшы келеді деп күтіледі. Осы әдемі мереке аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді», деп жазды Димаш.