• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес 08 Шілде, 2024

Дзюдодан Азия кубогі: Қазақстан құрамасы 27 медаль иеленді

Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде дзюдодан Б.Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Азия кубогі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәлім етуінше 9 командадан 355-ке жуық татами шебері белдескен дзюдо додасында  Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс, 14 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Байрақты бәсекеде Өзбекстан (6 алтын, 7 күміс, 16 қола) көш бастап, Моңғолия спортшылары (3 алтын, 2 күміс) үздік үштікті түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар