• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2024

Мақсаты биік менторлық жоба

47 рет
көрсетілді

Жетісуда облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен былтырдан бері «Әдеп-құқықтық тәрбие жөніндегі ментор» жобасы қолға алынған еді. Жастар арасында түрлі психологиялық соққыға қарсы иммунитет түзуге жәрдемдесетін жоба өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Соның әсерінен өңірде суицид пен қылмыс саны азайған. Оқушыларды рухани байытып, өмір жолына өнеге себетін игілікті іс аудан­дарды да қамтымақ.

Аталған қанатқақты жоба әуелі Талдықорған қаласының мектеп­те­рінен бастау алып, бү­гін­де аудандық білім ошақта­ры­на да енгізілді. Мұндағы мақ­сат ки­бер­әлем, ІТ-технология, смарт-сити секілді өркениеттің көшін бастаған сандық техно­ло­гия­лар­дың әсерінен лудомания, буллинг, кибербуллинг сынды дүниелерді жою. Бұл бастама қоғамның арасындағы осындай әрекеттердің алдын алады. Нәтиже жаман емес, облыста жас­тар арасындағы жағымсыз жағ­дайлар екі-үш есеге азайған.

Өңір әкімінің баспасөз қыз­метінің мәліметінше, осы уақыт ішінде түрлі сала ма­ман­дары мен қонақ лекторлар қазіргі заманның өзекті тақырыптарына арналған 170-ке жуық кездесу өткізіп, ол кездесулерге 17 мыңнан астам оқушы қатысты. Жүргізілген әлеуметтік сауалдамаға қарағанда, оған қа­тыс­қан оқушылардың 75 па­йыздан астамы арнайы келген лекторлардың дәрісіне риза екенін, ал 62 пайызы мектеп менторларымен оңды қарым-қатынас орнатылғанын айтқан. Сонымен қатар 28,6 пайызы жеке консультациялар алғанын, ал 20 пайызға жуығы менторлармен әңгімелесу нәтижесінде шешілмейтін проблемалар жоқ екенін түсінгенін атап өтті. Қол жеткізілген оң тәжірибені ескеріп, алдағы жаңа оқу жылынан бастап 7 аудан орталығы мен 1 қалада тағы 48 ментор өз жұмысын бастайды. Ал бүгін менторлық тәжірибедегі қонақ дәрістерін өткізу дәстүрі жалғастырылып, оқушылармен облыс әкімі Бейбіт Исабаев кез­десті.

«Кез келген елдің ең үлкен байлығы – адами капитал, яғни сіздер – елдің болаша­ғы­сыздар. Сондықтан мемлекет өз тарапынан жас ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысады. Қатаң бәсекелестік жағдайында ілгерілеуге, біртіндеп жетістікке жетуге көмектесетін ең алдымен – білім. Біз енгізген әдеп-құқықтық тәрбие жұмысы жөнін­дегі менторлық жоба суицид, буллинг және кибербуллинг, лудомания, интернет-алаяқтық, нашақорлық сияқты мәселелер белең алған қазіргі ақпараттық әлемде, ең бірінші, сіздерді қор­ғауға бағытталған. Бұл ретте сіздердің тәлімгерлермен өзара түсіністікте болуларыңыз біз үшін өте маңызды. Бұл ретте әлеуметтік сауал­на­ма­ның нәтижелері қуан­тып отыр. Сауалдамаға қара­ған­да, сіздердің басым көпші­лігіңіз өз дәріскерлеріңізді, мен­торларыңызды білесіздер және сауалнама тәлімгерлермен жақсы қарым-қатынас орна­тыл­­ғанын анықтап отыр. Өза­ра түсіністіктің арқасында мен­торларға деген сенім артып келеді, сондықтан біздің бір­лескен жұмысымыздың оң же­місі бар деуімізге болады. Бұл жобада барлық міндетке қол жеткізілді деген сөз емес, әлі де тұ­жырымдамалық тұрғыдан нақ­ты­ланатын тұстары бар, дегенмен жобаны іске асыру аса қажет шара екені айқын. Біз өз тарапымыздан осы жобаға қызығушылық білдіргендер болса, керекті әдістемелік қолдау көрсетуге дайынбыз», деп атап өтті Б.Исабаев.

Облыс басшысы өз сөзінде бірнеше негізгі бағытқа тоқ­талды. Біріншіден, ол мектеп бағдарламасын меңгерумен қатар өзін өзі жетілдіруге назар аудару, қызығушылық таныт­қан немесе жаны қалайтын пәндерді тереңірек зерттеудің маңызды екенін атап өтті. Бұл мәселеде, спикердің айтуынша, қазақ және әлем әдебиетінің классиктерін оқудың маңызы зор. «Мысалы, көптеген мемлекетте ұлттық кітап күні атап өтіледі. Халықаралық кітап беру, балалар кітабы және кітап оқу күндері бар. Біздің елде де ұлттық кітап күнін бекіту идеясы айтылды. Бұл – өте пайдалы бастама. Астана, Алматы қалаларының тәжірибесін ескере келе, біздің өңірде еліміздің үздік баспаларын шақырып, «Кітап Фест» кітап фестивалін өткізуді ұсынамын. Кітапханаларды заманауи ковор­кинг-орталықтар түрінде жаңғырту керек, кітапхана қорларын үнемі толықтыру керек», деді Б. Исабаев.

Спикер оқушылармен Прези­дент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы, «Азаматтық жауапкершілік», «Әлеуметтік әділеттілік» ұғымдарының мәні туралы әңгімелесті, оқушылар да осы тақырыпқа қатысты өз ой-пікір­лерін білдірді.

Сол сияқты спикер ұлттық бірегейлікті сақтаудың негізі ретінде дәстүрдің, түпкі негіз­дер­дің, отбасылық құнды­лық­тардың, өзара татулықтың маңыз­дылығына тоқталды.

Спикер сондай-ақ өңір жас­тарының волонтерлікте бел­сен­­ділік танытып, қоғамдық са­лалардың, қайырымдылық ұйымдары мен өзін өзі басқару инс­титуттарының жұмысына қатысып, қазірдің өзінде демокра­тиялық қоғам құруға өз үле­сін қосып жатқандығын жет­кізді. «Мен жастардың қоғам­дық кеңестердің жұмысына қатысу туралы бастамала­рын қолдаймын»,  деді Б. Исабаев. «Жас полиция», «Жас құтқару­шы­лар», «Жас сарбаз» кадет сыныптары мен әскери-патриот­тық клубтардың оң тәжірибесін атап өтіп, олардың санын ұлғайтып, материалдық-техникалық және құқықтық базасын дамыту мәсе­ле­лерін шешуді тапсырды. Ол сондай-ақ «Жасыл ел» жасақтарын, «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Zhas Project» жобаларын, жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын атап өтті.

«Мен осы кездесуде жаңа ғана 15 жастағы бозбаламен таныс­тым. Ол жеке бизнес-жоспарын жасапты. Қазірдің өзінде өз ісін жайлап бастап жатыр, биз­несін бастауға, әрине, әзірге тек жасы кіші. Бірақ 16 жасқа толғаннан кейін ол мемлекеттен грант ала алады. Жас адам алдына нақты мақсат қойған кезде сол мақсатына жетуге алдын ала дайындалады, жоспар жасайды, сенімді түрде алға жылжиды, ақыр соңында жетістікке жетеді. Сіздердің әрқайсыларыңыз да солай мақсат қоюларыңыз керек. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз, сенеміз, әрқашан бастамаларыңызды қолдаймыз», деп түйіндеді сөзін Б.Исабаев.

Мұнан соң кездесуге қатысу­шы­лар өздерін қызықтыр­ған сұрақтарын қойды. Жас бол­ған­да­рына қарамастан, оқу­шы­лар экология, жастар жұмыссыздығы проблемасын шешу, жалпы Талдықорғанның дамуы туралы, тіпті жаһандық тақырыптарды да көтерді. Мектеп оқушыларын қаңғыбас иттердің проблемалары, жол жөндеудің сапасы, смарт-аялдамалардың қараусыз жайы өзекті болып отырғанына алаңдаушылық білдіріп, өңірдегі туризмді дамытуға қатысты ұсы­ныстарын жеткізді. Облыс әкі­мінен әр қадам жемісті болу үшін қандай қасиеттерді шыңдау ке­рек­тігін, өмірде кімді үлгі тұта­тынын сұрап білді.

Екі сағатқа жуық әңгіме ба­рысында облыс әкімі мен жауап­ты тұлғалар кездесуге қа­тысу­шылардың барлық сұрағына егжей-тегжей жауап берді. Бұл ретте колледж­дер­де қазіргі заманғы еңбек нары­ғындағы сұранысқа сай жаңа мамандықтарды енгізу тақы­ры­бына тоқталды. Мектеп­тегі өзін өзі басқару өкілдерінің қатарындағы бірқатар тәлім­гер­ мен оқушыға облыс әкімінің Алғысхаты тапсырылды. Облыс әкімі менторларды жеке кабинеттермен қамтамасыз ету, тәлімгерлік сағаттарды ұйым­дас­ты­ру мәселелерін пысық­тауға  тиісті мекемелерге тапсырды.

Бейбіт Исабаев жастарға ізгі тілегін айта келе:

«Ең бастысы, аман-сау болы­ңыздар. Жалқаулыққа бой ал­дыр­маңыздар, үйреніңіздер, өздеріңізді дамытыңыздар. Мақ­сатты болыңыздар. Алдары­ңыздағы барлық жол сіздерге ашық. Бүгінгі кездесуіміз сіздер үшін де, мен үшін де жағымды әрі пайдалы болды деп сенемін», деп қорытындылады сөзін өңір басшысы.

Кездесу аясында Оқушылар сарайындағы үйірмелер мен секцияларға қатысатын оқушы­лар­ жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда балалар өздерінің өнерін, жасаған бұйымдарын көрсетті.

Жетісу облысында қолға алын­ған бұл «Әдеп-құқықтық тәрбие жөніндегі ментор» жо­ба­сының негізгі мақсаты – оқу­шы­лар­дың жеке дамуы мен оларды әлеуметтендіруді менторлық сүйемелдеу арқылы өңірде бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Бүгінгі заманғы өзектілігін ескере отырып, жобалық кеңсе жұмысының негізгі бағыттарына балалар мен жасөспірімдердің құқық­тары мен міндеттерін түсіндіру; нашақорлықтың, лудо­манияның, суицидтің, буллингтің, кибер­бул­лингтің, зорлық-зомбы­лық­тың барлық түрінің алдын алу; жыныстық қол сұғыл­маушылықты қалыптас­тыру (ерте жүктіліктің алдын алу); саламатты өмір салтын насихаттау; мамандық таңдау және кәсіптік бағдар беру; сондай-ақ шығармашылық ойлауды және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыптары таңдалып алынды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері оқушыларға түрлі өзекті тақырыптар бойынша 113 кездесу өткізіліп, 51 лекция оқылған.

 

Жетісу облысы