• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Мамыр, 2024

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Ыстанбұлда сүрінді

27 рет
көрсетілді

Ыстанбұлда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде күрес түрлерінен бақ сынаған балуан қыздар ширек финалға жете алмады, деп жазады Egemen.kz.

53 келідегі Марина Седнева екінші айналымда польшалық қарсыласына 0:9 есебімен жол берді. 

57 келідегі Лаура Алмағанбетова 1/8 айналымда түркиялық Эльвира Камалоғлыдан 2:4 есебімен жеңілді. 

62 келідегі Ирина Кузнецова мексикалық қарсыласынан 8:13 есебімен жеңіліс тапты. 

68 келідегі Елена Шалыгина румыниялық спортшыдан 1:9 есебімен ұтылды. 

Ал 76 келідегі Эльмира Сыздықова бірінші айналымда эстониялық балуанға 1:2 есебімен есе жіберді.