• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Мамыр, 2024

Әйелдерге арналған вагондарға сұраныс 2 есе артқан

171 рет
көрсетілді

Елімізде әйелдер вагондарын таңдайтын жолаушылар саны 2 есе артты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонымен» жүрді. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 2 есеге көп. 2023 жылы әйелдер вагонын 34 мыңнан астам әйел пайдаланған. 2021 жылы қызмет енгеннен бастап 359 мыңнан астам әйел осындай вагонмен сапарлаған», деп хабарлады компания. 

Бүгінгі таңда 8 жолаушылар пойызында әйелдер мінетін вагондар бар. Олар:-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат бар.