• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қылмыс 03 Мамыр, 2024

Жамбыл облысында оқушы мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды

122 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте қайғылы оқиға болды, деп жазады Egemen.kz.

Мектептің 8-сынып оқушысы қаза тапты. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.