• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Сәуір, 2024

АҚШ-та торнадо салдарынан 5 адам қаза тапты

54 рет
көрсетілді

Одан бөлек ондаған мың адам жарықсыз қалып, талай үй жермен-жексен болды. Оклахоманың өзінде 100 шақты тұрғын түрлі дене жарақаттарын алды, деп жазады Egemen.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық метеорология қызметі қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Ал Шығыс Техастан Иллинойс пен Висконсинға дейінгі аралықта тұратын 47 миллион америкалыққа алапат дауыл соғатыны, жауын құятыны және бұршақ жауатыны хабарланды.

Сондай-ақ Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40-қа жуық торнадо соғуы мүмкін.