• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Сәуір, 2024

«Семей орманы» резерватында тағы өрт шықты

161 рет
көрсетілді

Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей Орманы» резерваты филиалының аумағында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтыланып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт туралы ақпарат 26 сәуір күні сағат 13:21-де келіп түскен.

Жалын Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде тұтанды.

Өрт сағат 15:04-те 0,22 га алаңда оқшауланғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 2023 жылы «Семей орманы» аумағында 60 мың гектар аумақты шарпыған ірі өрт болды. Салдарынан 15 адам көз жұмды.