• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Сәуір, 2024

«Зорлады деген күдікке ілінді»: Түркістанда жасөспірім қамауға алынды

55 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Төлеби ауданында полицейлер «кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттерге» қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зорлық жасады деген күдікке сол ауыл тұрғыны ілінді.

«Кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс облыстық полиция басшылығының бақылауында», делінген облыстық полиция басқармасы таратқан хабарламада.