• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2024

СҚО-ндағы тасқынның екінші кезеңі: Су басқан үйлер санының артуы күтілмейді

163 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның бірінші кезеңінің шарықтау шегі өтті. Бөгеттің жотасы арқылы ең көп су толып кетудің биіктігі 425 см болды, салдарынан 3 419 үй су астында қалды, олардың 3 223-і әлі үй су астында қалып тұр, 196 үйде қауіп жойылды. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин Орталық коммунациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, 15 сәуірден бастап Ақмола облысының су деңгейінің қайта көтерілуіне байланысты екінші толқын басталып кетті. 

«Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасында ең жоғары деңгейлер өтті. Екінші толқынның шыңын 21-22 сәуірде күтеміз. Бірінші толқын Петропавл қаласында басылып келеді, 21 - сәуірдегі деңгей 1136 см. Екінші толқынның осы айдың соңына дейін өтетіні күтіліп отыр. Сонымен қатар су басқан үйлер санының артуын күтпейміз. Келтірілген материалдық залал үшін өтемақы алуға өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деп атап өтті спикер.

1717 отбасы 100 АЕК мөлшерінде, жалпы сомасы 634 млн теңгені құрайтын біржолғы төлем алған. Облысқа республика өңірлерінен және Омбы қаласынан 576 тонна гуманитарлық көмек әкелініпті.

14 388 адам эвакуацияланып, 764 адам үйге қайтарылған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді уақытша тұрғын үйге көшіру жүзеге асырылып жатыр.