• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2024

Дубай әуежайын су басып, Қазақстанға қатынайтын рейстер шегерілді

189 рет
көрсетілді

Дубай қаласында жауған толассыз нөсер салдарынан әуеайлақты су басқан. Осыған байланысты «Air Astana» әуекомпаниясы KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әуекомпания өкілдері жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Рейстердің нақты уақытын әуежайдың ресми сайтынан тексеру ұсынылды.