• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Таным 09 Сәуір, 2024

Сіз де ұры емессіз бе?

38 рет
көрсетілді

Кітап оқуды жан-тәнімен жақсы көретін қауымның арасында библиоклептомания деген бір ауру бар. Бұл ауруға шалдыққандар ешқашан кітапты сатып алмайды, яки сұрап әуре болмайды, саналы түрде ұрлап алады.

Кітап ұрлықшыларының бұл ісінен дым ұялмайтындары, ешқа­шан қоя алмайтындары қызық. Сондықтан да ғалымдар бұны ауруға санап, оларға осындай диагно­з қо­йып отыр.

Әлемдегі әйдік кітап ұрла­ғыш­тар­дың бірі Стивен Блумберг болыпты. Ол 300 кітапханадан жиырма мыңнан астам тәуір кітаптарды жымқырған. Таң­ғалмау тіпті мүмкін емес. Жа­сыра­тыны жоқ, осыдан соң кітап ұрлау да өнер шығар деген ой келеді. Бәлки, бұл «кәсіпті» ауруға емес, өнерге жат­қызу керек шығар? Әлқисса. Осы бір «қасиетті» мақсатқа жетер жолда Сти­вен кітапханаға желдету жүйесі немесе лифті шахтасы арқылы кірген.

Стивеннің тар жолда тайғақ ке­шіп жүріп жиған кітаптарын көрер ме едік, шіркін...