• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Сәуір, 2024

Тұман, жел, жаңбыр: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

154 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 6 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, батыс, оңтүстік облыстарында найзағай күтіледі. Тек солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон жотасы әсер етеді.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл күтіледі.