• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2024

«Жағдай ушығуы мүмкін»: Қазгидромет су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады

108 рет
көрсетілді

Қазгидромет еліміздегі су тасқыны ахуалы күрт нашарлауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайық өзені Жайық-Көшім өлшеу стансасында (Батыс Қазақстан облысы) сәуір айының 7 – 12 күндері аралығында ашылады деп болжанып отыр. 

«Жайық-Көшім учаскесінде көктемгі су тасқынының көлемі 11,0-ден 15,0 текше километрге дейін болады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсіп, рекордтық көрсеткіштерге жетеді», деді «Қазгидромет» РМК.