• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Наурыз, 2024

Қар, тұман, найзағай: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

219 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сәрсенбі, 20 наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика бойынша жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек батыста атмосфералық қысымның жоғарылау әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.