• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Наурыз, 2024

Қазақстан таэквондошысы Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

124 рет
көрсетілді

Таэквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров Тайань қаласында (Қытай) өткен іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самирхон жартылай финалда филиппиндік Курт Брайан Барбозадан мықты болды. Осылайша  Қазақстан спортшысы 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лицензия ұтып алды.

Айта кетейік, бұған дейін лицензияны Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) жеңіп алған болатын.