• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Наурыз, 2024

Біреуі полицей: Есілде көлік ішінен екі адамның мәйіті табылды

410 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Есіл қаласында көлік жуу нысанында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 5 наурызда болған. Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне таңғы сағат 07.45-те қала тұрғынынан көлік жуу орнында бір көлік тұрғаны және оның ішінде екі өлген адамның жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Полиция олардың кім екенін анықтады. Қайтыс болғандардың бірі - Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.