• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Ақпан, 2024

Олимпиада жүлдегері спорт басқармасына басшы болды

74 рет
көрсетілді

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына  Василий Левит   тағайындалды, деп жазады Egemen.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының тумасы Василий Левит - Рио жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері,   әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері, Қазақстанның   еңбек сіңірген спорт шебері.

Тәуелсіз Қазақстан боксының тарихында  үш дүркін Азия чемпионы атанған алғашқы боксшы. Ол 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.