• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Ақпан, 2024

Жаңа Премьер-министр Президентке қандай уәде берді?

3998 рет
көрсетілді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Үкіметтің жаңа құрамы мен қала, облыс әкімдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді арттыру мақсатында 10 бағыт бойынша нақты тапсырма берді. 

Жиын соңында күні кеше Премьер-министр болып тағйындалған Олжас Бектенов Президентке уәде берді.

«Құрметті, Президент мырза! Сіз берген ауқымды тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалатын болады. Жаңартылған Үкіметтің құрамы оған дайын. Мәселелердің сәнінен гөрі мәніне көп назар аударамыз. Нақты іспен айналысамыз. Нәтиже болады деп уәде беремін», деді Олжас Бектенов.