• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2024

Ақтөбеде кәсіпкерден ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды

65 рет
көрсетілді

Ақтөбеде кәсіпкерден 35 млн теңге ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізу кезінде екі күдіктіні ұстады. Олар Ақтөбе қаласының кәсіпкерін қорқытып, 35 млн теңге ақша бопсалады.

«Күдіктілер бұған дейін де ішкі істер органдарының есебінде тұрған. Бұл жолы кәсіпкерден ақшаның бір бөлігін алып жатқан кезде қолға түсті. Бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 млн теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.