• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қаңтар, 2024

«Қазақстанға келе қоймас, келсе де кіре алмайды»: СІМ ресми өкілі Тина Канделаки туралы

1438 рет
көрсетілді

Ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын өзгерту шешіміне орай Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған еді. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудырады деп жазды. Тина Канделакидің осы әрекетіне орай Қазақстанда қандай шара қолданылатынын Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі тіл турасында әлеуметтік желіде қырқысуды қоюға шақырып, дұрыс ақпарат таратуды сұрады. Сондай-ақ ол журналистің енді Қазақстанға кіре алмайтынын айтты.

«Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты «бүгін кіргіздіңіздер ме, ертең кіргізесіздер ме» деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, келген жағдайда кіре алмайды», деді Айбек Смадияров.