• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2024

Жетісу облысында 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды

79 рет
көрсетілді

Жетісу облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп 8-14 қаңтар аралығында өңір аумағында «Шетелдік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Іс-шараның 6 күнінде шетел азаматтары жиналатын 405 орын, оның ішінде 52 базар, 83 құрылыс нысаны, 4 жатақхана, 59 жалдамалы пәтер, 62 шаруа қожалығы тексерілді.

Барлығы 306 шетелдік азамат тексерілді.

Тексеру барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 70 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен – 47, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша – 14, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша 9 адам жазаланды.