• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2024

Павлодарда 21 жастағы қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

869 рет
көрсетілді

8 қаңтарда жоғалған 21 жастағы Мәдина Қазбекпайдың анасы полицияға жүгінген. Бойжеткен үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың белгілері: арық денелі, бойы 150 см, көздері қоңыр, шашы қара, мұрнының үстінде мең бар.

«Қазіргі уақытта аулаларды аралап, куәгерлер, туыстары, достары мен көршілерінен сұрастырып жатыр. Облыс полициясының барлық жеке құрамы іздестіруге жұмылдырылды», деп хабарлады департамент. 

Полицейлер Мәдина Қазбекпайдың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8 (7182) 37-76-10, 37-76-12 немесе 102 нөмірлеріне хабар беруді сұрады.