• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Желтоқсан, 2023

«Дәрігерлер соямыз деді». Белгілі актер жүрегіне операция жасатудан бас тартып, ерекше әдіспен емделіп жатыр

13263 рет
көрсетілді

Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне операция жасатудан бас тартып, заманауи әдіспен емделіп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz. 

«Биылдыққа бесінші рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант «соямыз» деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді (автордың жазу стилі сақталды – ред.)», деді ол.

Актердің айтуынша, дәрігерлер оның жүрек ақауын зерттей келе, тамырды үрлеу әдісімен емдеген.

Сәбит Әбдіхалықов қазір тәуір болғанын айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.