• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Қараша, 2023

Елордадан шығатын барлық жол қозғалысы шектелді

115 рет
көрсетілді

Елордадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар өңірлерінің аумағындағы бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», делінген QazAvtoJol хабарламасында.

Жалпы ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын 26 күре жол жабық. Бұл республикалық маңызы бар жолдар желісінің 12%-ы.