• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қараша, 2023

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын Ұлттық күнімен құттықтады

192 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін»,  делінген құттықтау жеделхатта.

Қ.Тоқаев  Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.