• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2023

Ойыннан от шығады: екі бала 82 тонна шөпті өртеп жіберді

239 рет
көрсетілді

Абай облысында екі бала сіріңкемен ойнап отырып, 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Ақсуат ауданында болды. Жергілікті тұрғынның қысқы мал азығына деп жиған 82 тонна шөпті мектеп жасындағы екі бала ойнап отырып өртеп жіберген.

Жәбірленушіге келген шығын мөлшері – 4 миллион теңге. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ағат әрекеті үшін келген шығынды олардың заңды өкілдері  өтейді.

ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, егер ата-анасының бақылауынан тыс қалған балалар от тұтатып, өрттен біреу жапа шексе, онда ата-аналар баласы үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.