• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2023

Абай облысы бойынша сайланған әкімдер белгілі болды

198 рет
көрсетілді

Абай облысына қарасты Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдері сайлауының қорытындысы мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Аталған облыстың аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, пилоттық режимде 5 қарашада өткен сайлау қорытындысы бойынша Курчатов қаласының әкімі болып Абдралиев Болат Таңсықбайұлы,  ал Абай ауданы әкімі лауазымына Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы сайланды.  

Айта кетсек, сайлаушылар тізіміне 15 528 азамат енгізілген. Дауыс беруге - 10 277 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 6, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 863 адам қатысты.