• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Сайлау 05 Қараша, 2023

Соғыс ардагері аудан әкімі сайлауында дауыс берді

204 рет
көрсетілді

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев аудан әкімін сайлау шарасына қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz аталған облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Созақ ауданы дамуына ғұмырын арнаған ардагер Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесінде өз таңдауын белгілеп, «сайлау әділ өтсін» деп бата берді.

«Еліміздің, ауданымыздың болашағы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан 90-нан асқаныма қарамастан мен де таңсәріден келіп, таңдауымды жасадым. Саяси науқаннан тыс қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын», деген майдангер сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.