• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Депозит 02 Қараша, 2023

БЖЗҚ активтері банктерге беріледі

135 рет
көрсетілді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» активтері екінші деңгейлі банктердің ұзақмерзімді облигацияларына инвестициялануы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады.

«Экономиканы несиелеу өсімінің орнықты фактор­ла­рының бірі – банктерді қор­лан­дырудың тұрақты көзін қа­­­­лыптастыруға мүмкіндік бе­­­­ре­­тіні. Соның нәтижесінде, олар ұзақ мерзімге жоспар құ­ра алады және үлкен жобалар­ды қаржыландыра алады. Осы­ған байланысты Ұлттық банк «Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­­ақы қорының» зейнетақы ак­тив­терін нарықтық шарттармен банктердің ұзақмерзімді облигацияларына инвестициялау жобасын қарастырып отыр. Бұл ретте банктерге олардың ор­нықтылығы және бизнесті несиелеу бойынша қарама-қарсы мін­деттемелерді қоюы бойынша талап қойылады. Аталған қаражат нақты секторды несиелеуге бағытталады, бұл өз кезегінде экономика өсімі мен оны әртараптандыруға жағдай жасайды», дейді ҰБ басшысы.

Түсін­геніміздей, БЖЗҚ ақшасын алғысы келетін банк белгілі бір талаптарға сай болуға тиіс. Алайда оның пара­метрі әзірге нақты атап көрсе­тіл­ме­ді. Ал талапқа сай болып, зей­нетақы активіне ие болған қар­жы институты ол қаражатты кор­­поративті секторға несие ре­­­тінде жіберуге міндетті.

Сүлейменовтің сөзінше, са­лық саласына қатысты заң жобасы аясында банк кіріс­те­ріне Ұлттық банк ноталары бойынша са­лық салу қарас­ты­рыл­мақ.

«Аталған шараның қабыл­дан­уы банктердің өтімділікті тәуе­­келсіз құралдарға ин­вести­ция­­лау мүддесін төмен­де­туге мүмкіндік береді, ол экономиканы кредиттеуге бағытталуы мүмкін. Бұл ретте Ұлттық банк атал­ған түзетулерді қарау шең­бе­рінде Ұлттық банктің ноталары бойынша ғана емес, сонымен қатар барлық басқа да мем­ле­кет­тік бағалы қағаздар (МБҚ) бойынша корпоративтік табыс салығын (КТС) салуды енгізу қажеттігі туралы ұстанымын білдірді. Бюджет кірістерінің болжамды ұлғаюын бағалау мақ­­сатында 2022 жылдың қо­ры­тындысы бойынша банктер ұсынған деректер және 2023 жылдың 31 тамызына МБҚ ұстаушылар құрылымы негі­зін­де есептеулер жүргізілді. Мә­се­лен, 2022 жылғы мысалда МБҚ салық салудан түсетін бюджеттің қосымша кірістерін бағалау банк секторы бойынша (КТС мөлшерлемесі 20 па­йыз болғанда) 96 млрд теңгені, ал МБҚ ұстаушылар – КТС төлеу­ші­лер бойынша – 165 млрд тең­гені құрайды», дейді.

ҰБ төрағасының пікіріне сүйенсек, банк кірістерінің әр түрі бойынша корпоративті табыс салығы мөлшерлемесін әртараптандыру бизнесті несие­леуге деген қызығушылықты арттырады. Яғни Ұлттық банк банктер үшін корпоративті табыс салығының мөлшерлемесін әртараптандырады. Нәтиже­сін­­де, бизнеске белсенді түрде несие ұсынып жатқан банк тө­мен­гі ставкадан үміттене алады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 16 772,89 млрд теңге болды. Ұлт­тық банктің сенімгерлік бас­қа­руын­дағы БЖЗҚ зейнет­ақы активтері – 16 759,31 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зей­нет­ақы активтері – 10,28 млрд теңге. ҰБ зейнетақы активтерін негізінен Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына (48,11 пайыз), квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына (10,25 пайыз), екінші деңгейдегі банктерінің облигацияларына (5,19 пайыз), шет мемлекеттердің мемлекеттік ба­ғалы қағаздарына (4,51 па­йыз), халықаралық қаржы ұйым­­да­рының бағалы қағаз­да­рына (2,20 пайыз), ҰБ депо­зиттеріне (2,64 пайыз) және Қазақстан Республикасы эми­тент­терінің акциялары мен депо­зитарлық қолхаттарына (1,62 пайыз) инвестициялайды.

ИПБ басқаруы бойынша ең көп үлес – «Jusan Invest» АҚ-та – 4,14 млрд теңге. «Halyk Global Markets» АҚ 2,48 млрд теңге зейнетақы активін басқа­рып отыр. Олардан бөлек, «BCC Invest» АҚ сенімгерлік бас­қа­руында – 1,48 млрд теңге, «Сен­трас Секьюритиз» АҚ сенім­герлік басқаруында – 0,91 млрд теңге, «Halyk Finance «Қазақ­стан Халық Банкі ЕҰ» АҚ се­нім­­герлік басқаруында 1,26 млрд теңге бар.